Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда ата-аналар мен оқушыларға арналған жаднама » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда ата-аналар мен оқушыларға арналған жаднама
24
шілде
2018

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда ата-аналар мен оқушыларға арналған жаднама

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда ата-аналар мен оқушыларға арналған жаднама


Терроризм актілерін дайындау немесе жоспарлауды куәландыратын белгілері:

1. сіз жұмыс істейтін немесе үйдің ауласында, ғимарат айналасында (жиі баратын жеріңізді) күдікті тұлғалардың бірнеше рет көрінуі, фото және бейне түсірме жасауы, сондай-ақ дәптерге жазба жасау;

2. құқық қорғау орган қызметкерлерімен кездесуден қашу және бейне камерадан бұлтару әрекеттері (басын түсіру, бұрылып кету, бетін жабу жер төле және шатырларға техникалық қызмет көрсетуге қатысы жоқ тұлғалардың кіруі;

3. тұрғын және әкімшілік ғимараттарға қызмет көрсететін персоналдар және күзетушілермен бейтаныс адамдардың негізсіз байланысқа түсуі, олардан жұмыс тәртібі, қауіпсіздікті қамтамасыз ету бойынша шаралар және т.б. жөнінде мәліметтерді жинақтау;

4. бөгде тұлғалармен маңызы төмен жұмыстарды (пакет, түйіншек, посылка беріп жіберу) ірі сыйақыға орындайтын тұлғаларды іздеуі.

Күдікті тұлғаларды байқаған жағдайда келесі іс-қимылды орындау қажет:

1. Ұстауға өздігімен әрекет қабылдамау;
2. Олар жөнінде құқық қорғау органдарына шұғыл хабарлау;
3. Өзіңіз назарға түспеу, тұлғалардың санын, нақты сыртқа белгілерін, киімдерін және оларда бар заттарды, қолдануындағы автокөлік номерін және маркасын, қозғалыс бағытын белгілеп алу.