КОКА-КОЛА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » КОКА-КОЛА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ
12
желтоқсан
2016

КОКА-КОЛА ЖӘНЕ БАСҚА ДА ГАЗДАЛҒАН СУСЫНДАРДЫҢ ҚҰПИЯЛАРЫ


Кока-коланы жақсы көрмейтін адам жоқ. Балалар да, үлкендер де жақсы көреді. Тіпті көшеде өтіп бара жатқан кез келген баланы ұстап алып, қандай салқындатқыш сусынды жақсы көресің десең, ойланбастан «әрине коланы» деген жауап аласың.

Коланың мұндай жетістікке жетуі неде?

Бірнеше себептерінің бірі жарнамасының жақсы болуы. Коланы барлық жерде жарнамалайды. Әр жерден табылатын әдемі қағазға салынған бұл сусынның жарнамасының көптігі тіпті кейде таңқалдырмайды. Дүкенге барғанда қолыңның Колаға жүгіруі тіпті әдетке айналған.

«Кока-кола» компаниясының сусындары алғаш КСРО-да 1979 жылы Мәскеудің олимпиадаға дайындалуы кезінде пайда болды. Ал нақтылы нарықта 1988жылы тарады.

Коланы ішкенде тері денеңізде не өзгереді?

10 минуттан кейін 10 шай қасық қант жүйке жүйеңізге ұратын болады.
20 минуттан кейін қанның құрамындағы инсулин артады. Бауыр барлық қантты майға айналдырады.
40 минуттан кейін Кофеиннің жұтылуы аяқталады. Көзіңіздің қарашығы ұлғаяды. Қан қысымы артады, себебі бауыр қанға көп мөлшерде қант бөледі.
4 5минуттан кейін дененіңізде дофамин гормонының бөлінуі артады. Бұл миды рақаттандырып, героин шамалас әсер береді.
1 сағаттан кейін фосфор қышқылы ішектеріңізде кальций, магний және мырышты байланыстырып, метабализмді жылдамдатады.
1 сағаттан артық уақыт өткенде зәр шығару жолдары іске қосылады. Сүйегіміздегі кальций, магний және мырыш сонымен қатар натрий, электролит және зәрмен бірге бөлінеді.
Кока-кола тұрмыстық химялын оңай алмастырады:

Кока кола тарихында үнемі айтылады: АҚШ-тың көптеген штаттарында полиция қызметкерлері патрульді машиналарында Коланың екі бөтелкесін салып жүреді екен. Себебі сусын жол апатынан кейін қанды жууға өте ыңғайлы деседі.
Машинаның хромдалған бамперіндегі тотты кетіру үшін мыжылған фольганы Кока-колаға малып алып сүртуге болады.
Тот басқан болтты ағыту үшін, шүберекті Кока-колаға малып алып, бірнеше минут болтты сүртсе, оңай бұралады.
Былғанған киімнің үстіне бір бөтелке Кока-кола құйып, кір жуғыш ұнтақ қосып, кір жуғыш машинада жуатын болсаңыз, дақ оңай кетіп қалады екен.
Кока-коланың дистрибьютерлері 20 жылдан астам уақыт бойы жүк таситын машиналарының маторларын Кока-коламен жуады екен.
Лимонадтың несі жаман? Олардың көпшілігінің құрамында тамақ өндірісінде сағыз және газдалған сусындар өндірісінде кең пайдаланылатын аспартам – синтетикалық қант алмастырғыш бар. Оны мөлшерден тыс пайдаланған жағдайда адам маниактық күйзеліске ұшырап, естен танып, ызақор, зорлықшыл болады.

Цикламат - мұнайдың құрамында болады, синтетикалық зат, қанттан 200 есе тәтті, концероген обыр ауруына әкеледі.1969жылы АҚШ пен Канада қолданысын тыйым салынған.1975 жылы Жапония, Оңтүстік Корея және Индонезия, Сингапурде тыйым салынды.

Газдалған сусындардың бөтелкелері де зиянды. Алюминий құтылар жұқпалы ауруларды таратады. Құтыны ашқан соң оның ішіндегі сусынымен бірге стафилококтың түрлері, түрлі бактериялар адам ағзасына барады.

Коланы ішеді ме, ішпейді ме әркім өзі шешеді. Бірақ оны рахаттанып ішпес бұрын бір сәт денсаулықты ойлаған жөн.