Мектебіміздің тарихы » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
07
қараша
2016

Мектебіміздің тарихы

Мектептің негізі 1940 жылы қаланып, Қосқұдық мектебі болып аталған, ол кезде мектеп директоры М.В.Габидуллин болған. Мектепте 31 мұғалім жұмыс істеген, 525 оқушы дәріс алған.
Қосқұдық мектебі Шу қаласы Қосқұдық мөлтек ауданында орналасқан. 1956 жылы осы мектепті Сейдал. ин Мутан Сейдалиевич басқарған.Бұл жылдары 60 мұғалім қызмет еткен. 1252 оқушы білім алған.
1958 Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі болып аталды. Гайдар атындағы орыс мектебімен бірікті. 1966 жылы Гайдар мектебінен С.Сейфуллин мектебі бөлініп шықты. Мектептің директоры болып Балмұхамедов Өмірзақ Отайұлы тағайындалды. 
1973-1976 жылдары мектепті Әбдіғалиев Қасымбай Әбдіғалиұлы басқарды. Ол кезде мектепте 39 мұғалім қызмет еткен, 456 оқушы білім алған.
1977-1980 жылдар аралығында Әгібетов Аман Сексенбайұлы басшылық етті. Бұл жылдары мектепте 32 мұғалім қызмет етіп, 443 оқушы білім алған.
1988-1992 жылдары мектептің басшысы Құрманалиева Жамал Асанқызы басқарды.
1992-1995 жылдары мектепті Хамиров Шәлімбет Нарынбайұлы басқарып, мектепте 65 мұғалім қызмет еткен.
1996 жылы Ленин мектебі және С.Сейфуллин мектептері қосылып, С.Сейфуллин атындағы қазақ-орыс мектебі болып бірікті. Осы жылы Бектібаев Қажыкен мектеп директоры болып тағайындалды.
1997 жылыдары мектепті Жаппасбаева Ұлбосын Жаппасбайқызы басқарды.
2001-2004 жылдары мектепті Байтанаев Әли Шәймерденұлы басқарды.
2004-2014 жылдары мектепті Тоқманбетова Әйкен Тынышбекқызы басқарды.
2014-2016 жылдан бастап мектепті Мусаева Тоғжан Тоқтарбайқызы басқарды.
2016 жылдан бастап мектепті Нургалиев Ходжакпар Турдахунович басқарып келеді.
Бес ұлт өкілінен тұратын оқушылар ынтымақты өмір сүріп сапалы білім алуда. Мұғалімдер ұжымында 93 адам қызмет жасайды. Осындай бір ғасырлық тарихы бар мектеп қазіргі заманның өмір талабына сай өзгерістер мен жаңалықтарды ұтымды пайдалана отырып, өз түлектеріне сапалы білім берудегі істерін жалғастыра береді деп сенеміз.