«Судағы қауіпсіздік шаралары» » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » «Судағы қауіпсіздік шаралары»
01
шілде
2019

«Судағы қауіпсіздік шаралары»

Жаз маусымында суға шомылу қауіпсіздігін алдын алу мақсатында ағымдағы жылдың 25 сәуір күні «Судағы қауіпсіздік шаралары» тақырыбында жалпы ата-аналар жиналысы өтті. Ата-аналарға жиналыс барысында суға шомылу маусымында балалар өмірінің қауіпсіздігі туралы түсіндірме жұмыстарын жүргізу мақсатында баяндама тыңдалып, суға шомылу ережелері , слайд ,бейнероликтер көрсетілді және жадынама таратылды. Барлығы 250 ата-ана қатысты. 1-11 сыныптар арасында «Қауіпті судан сақтан», «Суда жүзу ережелері» тақырыбында тәрбие сағаттары өткізіліп, судағы қауіпсіздік шаралары түсіндірілді.
Судағы қауіпсіздік ережелері:
- Баланы үлкендердің қарауынсыз суға шомылуға жібермеңіз;
- Суға абайлап кіріңіз. Денеңіздің суға бейімделуіне мүмкіндік беріңіз;
- Өзіңізді қалтырауға дейін жеткізбей, 10-15 минутқа дейін ғана шомылыңыз;
- Аяқ-қолыңыз тартылған жағдайда - сасқалақтамаңыз, су бетінде қалуға тырысыңыз және көмекке шақырыңыз;
- Жүзе білмесеңіз, белден жоғары тереңдікке бармаңыз;
- Суға жалғыз шомылмауға тырысыңыз;
- Мас күйде суға шомылуға болмайды;
- Ағысқа түсіп кеткен жағдайда ағысқа қарсы жүзбеңіздер, ағынды жағаға жақындауға тырысыңыздар;
- Иірімге түсіп кетсеңіз, үрейге бой алдырмаңыз, терең дем алып, су астына сүңігіңіз де, ағыспен су бетіне шығыңыз;
- Суда тентектікке жол бермеңіз. Апат туралы жалған дабыл бермеңіздер. Бір-бірлеріңізден көз жазып қалмаңыздар;
- Қыздырылған күйі суға кіруге және тамақ іше салып суға түсуге болмайды;
- Егер өзіңізді нашар сезінсеңіз, суға шомылуды дереу тоқтатыңыз;
- Үлкен толқындар кезінде шомылмаңыздар және таныс емес орындарда суға секірмеңіздер. Қайықтан, айлақтан және басқа су құрылыстарынан сүңгімеңіздер;
- Жағажай жағалаулары мен айдындарын ластамаңыздар. Өзіңізбен үй жануарларын әкелмеңіз;
- Шомылғанда автокөлік доңғалағы камерасың, тақташаны, допты, үрлемелі матрасты т.б. қолданбаңыздар.