Өмір қауіпсіздігі » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
тамыз
2017

Өмір қауіпсіздігі

Қауіпсіздік бұрышы

ҚҰРМЕТТІ ОҚУШЫЛАР!
[/center]

Өмірден қымбат еш нәрсе жоқ, өйткені өмірде бәрі бар. Қазіргі заманда өмір ең қымбат байлық болып келеді. Адамның ең негізгі мақсаты ол - өмірді сақтап қалу.
Көп жағдайларда өз өмірін сақтап қалу және өз жақындарының өмірін сақтап қалу үшін қарапайым ережелерді білуіне байланысты болады. Мысалы: төтенше жағдайлар кезінде алғашқы медициналық көмек көрсете білу, сақтана білу т.с.с.. Өмір қауіпсіздік негіздерін ӘР ҚАЙСЫСЫ білу керек және түсініп отыру керек, өз уақытында бәрін дұрыс жасауы денсаулыққа және өмірге қаншалықты маңызды екенін білу керек.
Қай жерде сіз болсаңыз, жалғыз, достарымен, отбасымен, жолда жұмысқа бара жатқанда, демалыста немесе үйде, әрқашанда есіңізде сақтаныз, өмірде көптеген жағдайлар болады. Олар әдеттегідей әр-түрлі жағдайларға әкеліп соқтырады. Бұндай жағдайға ұшыраған кездерде сабырлық сақтау керек. Осы Қауіпсіздік бұрышы бөлімінен өмірге ең керекті қауіпсіздік ережелерімен таныса отырып, дер кезінде өз өмірімізді сақтап қалуға тырысайық. Сол себептен бұны білу және оны дұрыс қолдану әркімнің міндеті.

Жол қозғалысы ережесі

ЖАЯУ ЖҮГІНШІЛЕРДІҢ МІНДЕТТЕРІ
Жаяу жүргіншілер тротуармен немесе жаяу жүгішілерге арналған жолдармен, ал олар болмаған жағдайда, жолды жағалай қозғалуы тиіс.
Көлемі үлкен заттарды көтеріп немесе алып келе жатқан жаяу жүргіншілер, сондай-ақ двигателі жоқ мүгедектер арбасымен келе жатқан адамдар, егер олар тротуармен немесе жолды жағалай жүргенде басқа жаяу жүргіншілер үшін кедергі келтіретін болса, жолдың жүргін бөлігінің жиегімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) қозғалуына болады.
Тротуарлар, жаяу жүргіншілерге арналған жол немесе жолдың жағалауы болмағанда, сондай-ақ олармен қозғалу мүмкін болмаған жағдайда, жаяу жүргіншілер велосипед жолымен немесе көлік жүретін бөліктің шетімен ( көлік жүретін бөліктің ішкі шетін бойлай-бөлу жол жолақтары бар жолдарда) бір қатарда қозғалуларына болады.
Елді мекендерден тыс жерлерде жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлігімен қозғалған кезде көлік құралдарының қозғалысына қарсы бағытта жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөліктің шетімен двигателі жоқ мүгедектер арбасында келе жатқан, мотоцикл, мопед, велосипед жүргізуші адамдар көлік құралдары қозғалысының бағытында, жолдың оң жағымен жүруі тиіс.
Көлік жүретін бөлікпен қозғалатын ұйымдасқан жаяу жүргіншілер колоннасына көлік құралдарының қозғалысы бағытында оң жақпен, қатарда төрт адамнан артық емес, қозғалуға рұқсат етіледі. Колоннаның алдынан және артынан сол жағымен қызыл жалауша ұстаған жүруші, тәуліктің қараңғы уақытында және жеткіліксіз көріну жағдайында- алдында ақ түсті, артта қызыл түсті жағулы фонарьмен жүруі тиіс.
Балалар тобын тек қана тротуармен және жаяуларға арналған жолмен, ал олар жоқ болған жағдайда - жол жағасымен, бірақ тәуліктің жарық уақытында және ерексектердің бастауымен алып жүруге рұқсат етіледі.
Жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншілерге арналған, оның ішінде жерасты және жерүсті өтпелерінен, ал олар болмағанда - қиылыстардан тротуарлар мен жол жағалауы сызығы бойымен кесіп өтуі тиіс.
Көру аймағында өтпе немесе жол қиылысы болмағанда көлік жүретін бөліктің шетіне, екі жақтан да жақсы көрінетін жерден тік бұрыш жасап жолды кесіп өтуге болады. Көлік жүретін бөлікті елді мекенде бөлу жол жолағы болған кезде, сондай-ақ жаяу жүргіншілерге немесе жол қоршаулары орнатылған жерлерде кесіп өтуге тыйым салынады.
Қозғалыс реттеліп тұратын жерлерде, жаяу жүргінші, реттеушінің сигналын, ал ол болмағанда – көлік бағдаршамын басшылыққа алады.
Реттелмейтін жаяу жүргіншілер өтпелерінен, жаяу жүргіншілер көлік жүретін бөліке жақындап қалған көлік құралымен арақашықтықты, оның жылдамдығын бағалап және кесіп өту олар үшін қауіпсіз екендігіне көз жеткізгеннен кейін шығуына болады. Көлік жүретін бөлікті жаяу жүргіншіге арналған өтпеден тыс жерлерден кесіп өтү кезінде жаяу жүргіншілер, бұдан басқа көлік құралдары үшін кедергі келтірмеүі және жақындап қалған көлік құралының үшін кедергі келтірмеуі және жақындап қалған көлік құралының жоқтығына көз жеткізбейінше тоқтап тұрған көлік құралының немесе көрінуді шектейтін өзге кедергінің тасасынан шықпауы тиіс.
Көлік жүретін бөлікке шыққаннан кейін жаяу ж.ргінші, егер бұл, қозғалыс қауіпсіздігін қамтамасыз етумен байланысты болмаса, кідірмеуі немесе аялдамауы тиіс. Жолды кесіп өтуге үлгермеген жаяу жүргінші қарама-қарсы бағыттағы көлік легін бөлетін сызықта аялдауы керек. Әрі қарай қозғалыстың қауіпсізекендігіне көз жеткізгеннен кейін реттеушінің сигналын ескеріп, жолдан өтуді жалғастыруға болады.
Жарқылдайтын көк маягі бар және арнайы дыбыс сигналы іске қосулы көлік құралы жақындаған кезде жаяу жүргіншілер жолдан өтпей тұра тұрады, ал жол үстіндегілер осы көлік құралдарына жол беруі және мүмкіндігіне қарай көлік жүретін бөлікті босатуы тиіс.
Маршруттық көлік құралы мен таксиді көлік жүретін бөлікке қарағанда биігірек тұрған отырғызу аоаңдарында, ал жоқ болған жағдайда – тротуарда немесе жол жағасында тұрып күтуге рұқсат етіледі. Биігірек отырғызу алаңдарымен жабдықталмаған аялдама пунктерінде көлік құралына отыру үшін көлік кідірместен босату керек.
Өрт қауіпсіздігі ережесі

ҮЙДЕГІ ӨРТ
Егер өрт қатты жанып тұрса, онда сіздің негізгі мақсатыңыз тез үйден кету. 101-ге хабарласып өрт сөндірушілерді шақырту. Егер өрт қатты жанып тұрмаса да, бірақ үйдің іші қатты түтін болса, үйден тез кету керек. Түтін өрттен де қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
Түтіннің исін сезгеннен кейін үйден тез кетіңіз. Кез келген шүберекті сулап ауызыңыз бен мұрынды жабыңыз сосын енкейіп (өйткені түтін жоғарыға ұмтылады) бөлмеден кетіңіз.
Егер өрт кішкентай бөлмеде болса, онда есіктер мен терезелерді ашпаңыз, ауа өртті күшейтіп жібереді.
Жанып жатқан үйден лифтпен түспеңіз, өйткені ол қатты өрт болып жатқан қабатта тоқтап ашылу мүмкін және содан бәрі жарақат алады. Ток кез келген уақытта сөніп қалу мүмкін және лифт этаждардың арасында қалу мүмкін.
Егер коридор және площадка өртте және түтінде (төмен түсуге жол жабық) болса, онда шатырға көтеріліңіз.
Егер өрт коридорда болса, есікті қатты жауып, сұйық шүберектермен ашық жерлерді жауып, есікке көрпе не пальто іліңіз. Терезені ашып қатты дауыс беріп көмекке шақырыңыз.
Егер сізге біреуді өрттен кұтқару керек болса, онда өзіңді арқанмен орап бір шетін далада тұрған адамға беріңіз. Егер сіз есіңізді жоғалсаңыз, онда сізді арқаннан тартып өрттен алып шыға алады. Ауызымен мұрынды ылғал шүберекпен жабыңыз.
Егер құтқарған адам түтінмен демалып есін жоғалтса, онда оған жасанды дем беріңіз.
Түтінмен уланудың алғашқы белгілері: бастың айналуы, бас ауыруы,
жиі дем алу, жүрек айналуы, сананы жоғалту.

ЕГЕР ӨРТ ҚАТТЫ ЖАНЫП ТҰРМАСА.
Сіздің әрекетіңіз:
1. Өртті бір затпен (көрпе, пальтомен) үстінен жаба салыңыз. Содан кейін үстінен су кұйыңыз.
2. Түтінмен демалмауға тырысыңыз. Мұрынды және ауызды ылғал шүберекпен орап қойыңыз.
3. Өрттен жанып тұрған заттарды алмаңыз, өйткені ол өрттің таралудың себепкері болады.
4. Өртті шетінен бастап ортаға қарай сөндіру керек.

ЖИҺАЗ ЖАНУЫ
Казіргі жиһаз синтетикалық материалдардан жасалынады және синтетикалық смоламен сіңірген, сондықтан бұл жиһаз жанған жағдайда қауіпті болады.
Сіздің әрекетіңіз:
Жанып жатқан жиһазды балконға шығармаңыз, өйткені ауа одан да қатты оны жандырып жібереді.
Егер жиһаз қатты жанып тұрса, оны ылғал шүберекпен жаппаңыз немесе сумен төкпеңіз. Мұндай жағдайда пәтерден тез шығуыңыз керек.

АДАМ ҮСТІНДЕГІ КИІМНІҢ ЖАНЫП КЕТУІ
Сіздің әрекетіңіз:
Адамды тез ғана жерге жатқызыңыз (бұл өрттің адамның басына баруына жол жабады), үстіне су кұйып немесе курткамен, пальтомен жабыңы
Cуда жүзу тәртібі

СУДА / ЖАҒАДАН АЛЫС ЖӘНЕ ТЕРЕҢДЕ ЖҮЗУ

Егер сіз жақсы жүзу білсеңіз ғана жағадан алыс жүзуге болады.
Суық суда (судороги) бұлшық еттің тартылуы пайда болу мүмкін.
Бұлшық еттің тартылуын сезсеңіз бірден тоқтап арқаға бұрылып суға жатыңыз.
Егер тартылу санның алдыңғы жақ бұлшық етті тартылып кетсе, аяқты және аяқтың саусақтарын түзеңіз.
Егер тартылулар өте қатты болса және аяқтарыңыз түзелмесе, онда оны қолдың көмегімен істеп көріңіз.
Бұлшық еттерді уқалаңыз. Содан кейін тағыда аяғыңызды тартып көріңіз.
Егер тартылулар тоқтаса, онда кішкене демалып басқа стильмен жағаға жүзіңіз.
Суда көп уақыт өткізу сізді шаршатуы мүмкін.
Шаршағанды немесе тоңғанды сезсеңіз, тез бұрылыңыз және жағаға қарай жүзіңіз.
Өз күшіңізді сақтаңыз. Мезгіл сайын арқаға жатып демалыңыз. Қатты тоңып қалмау үшін демалуды тым созбаңыз.
Егер сіз жағаға өз күшіңізбен жететіндігіңізге сенбесеңіз, онда арқаға жатып, басқа адамдардың зейінін аударту үшін қолыңды жоғары көтеріп шайқаңыз.
СУДА / ЕГЕР СІЗДІ ҚАТТЫ СУ АҒЫМЫ АЛЫП КЕТСЕ
Сіздің іс-әрекетіңіз:
Күшіңізді бекерге шығарып, су ағымымен күреспеңіз.
Су ағымымен диагональ бойынша жүзе отырып, ең жақын жағаға қарай жүзіңіз.
СУДА / ЕГЕР БАЛДЫРЛАРДА ОРАЛЫП ҚАЛСАҢЫЗ
Сіздің іс-әрекетіңіз:
Балдырлар жүзуге кедергіні жасап жабысқанын сезсеңіз, тоқтамаңыз және бір орында тұрмаңыз, әйтпесе сіз одан да қатты балдырларға шатасып қаласыз.
Екі аяқпен қатты итеріңіз, босануға ұмтылыңыз.
Бұл көмектеспесе, бір аяқпен екінші аяқтағы балдырларды алып тастаңыз.
Судың астына қарай сіңбеңіз, әйтпесе балдырлар мойныңызды орайды.
Балдырлардан құтылған соң, қауіпті жерден аяқтарыңызбен ақырын сермей жүзіп кетіңіз.
СУДА / ЕГЕР СІЗ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ
Сіздің іс-әрекетіңіз:
Дем алуды тоқтаңыз және саусақтармен мұрныңызды жабыңыз.
Жаға жақын болса аяқпен судың түбін тауып көріңіз.
Егер су терең болса, онда артық ауыр заттардан құтылыңыз. Ол сізді судың астына алып кетуі мүмкін.
Егер сіздің аяғыңызда резеңке етіктер болса, оны тастамаңыз және қонышымен төмен қойып ауадан жасалған жастықшалар ретінде пайдалануға болады. Олай жасау сізге судың бетінде болуға ыңғайлы болады.
Ең жақын жағаға су ағымына диагональмен жүзіңіз.
СУДА / ЕГЕР СІЗ СУДА ЖҮЗУ БІЛМЕЙ СУҒА ҚҰЛАСАҢЫЗ
Егер сіз жүзу білмесеңіз, көмек келгенше судың бетінде көбірек болуға ұмтылыңыз.
Суға бетімен төмен жатып, аяқты және қолды кең жазып ақырың және терең дем алуға ұмтылыңыз.
Судың бетіңде көбірек қалудың басқа әдісі бар. Аяқпен педальдарды бұрағандай жүзіңіз. Қолмен суды ұрыңыз. Олай жасап күшті суға түсіресіз және де тепе-теңдікті сақтаңыз.
Тағыда бір әдіс бар: вертикальды күйде екі аяқты бірдей бүгіп жан жаққа итеріңіз және тез түзу қылыңыз.
СУДА / СУҒА БАТҚАНҒА КӨМЕКТЕСУ
Адамның батқанын қалай білесіз:
Суға батып бара жатқан адамның денесі суда тік тұрады, басы толқында бірде көрінеді, бірде көрінбейді.
Сіздің іс-әрекетіңіз:
Егер сізде қайық бар болса батып бара жатқан адамға жүзіп, оны қайыққа көтеріңіз. Байқаңыз, қайық аударылып қалуы мүмкін.
Егер қайық жоқ болса, онда жүзіп батып бара жатқан адамға жетіңіз.
Батып бара жатқан адамға жеткен соң, оған артынан иық жағынан ұстаңыз. Әйтпесе ол сізді ұстап алуы мүмкін және сіз бірге батып кеу қаупі туындайды.
Егер батып бара жатқан адам сізді ұстап жібермесе, онда оны бір қолымен жағынан ұстап өзіңе қарай тартыңыз. Оның басы сіздің басымен қатар беті жоғары болу керек.
Жағаға қарай қырмен немесе арқада жүзіңіз.
Егер батып жатқан адам есін жоғалтқан болса, оны жағаға қарай жүзгенде жағынан ұстап, беті судан жоғары болуын қадағалаңыз.


Қауіпсіздік ережелер
ТОПТЫҢ ҚАУІПІ
[center]

Сіздің әрекетіңіз:
Егер сіз жүгіріп келе жатқан бір топ адамды көрсеңіз, оның жолынан тез кетіп қалыңыз. Егер олардың аяғының астында қалсаңыз өте қатты жарақат алуға болады.
Егер топ адамның арасында қалсаңыз қозғалмайтын нәрседен ұстап жібермеуге тырысыңыз.
Егер сіз тобырдың арасында қалсаңыз тезірек жүгіріп, өзіңізге кеңістікті ашу үшін шынтағыңызды алдыға созуға тырысыңыз..
Егер сізді құлатып тастаса шетке домалап шығуға тырысыңыз және аяқты бүгіп басыңызды қолмен қорғаңыз.

ИТТІҢ ШАБУЫЛЫНЫҢ ҚАУІПІ
Иттің жанынан өткенде ешқашан оның көзіне карамаңыз. Ол сізді өзіне шабуыл жасайын деп жатыр деп ойлайды.
Егер ит сізге шабуыл жасаса, онда сіздің іс-әрекетіңіз мынандай болу керек:
1. Итті ұрмай, қатты айтыңыз: «Сидеть», «Стоять», «Отыр», «Тұр». Үйретілген ит бұл бұйрықты түсінеді.
2. Егер сізге ит секірсе, онда оған шынтақты төсеңіз. Аурғанына шыдап шынтағыңызды иттің ауызына тереңрек итеріп жіберіңіз. Иттің тістегені әлсіреуге тиісті. Қолыңызды қатты тартпаңыз, әйтпесе сізде қатты жарақат болу мүмкін.
3. Ит тістегеннен кейін дәрігерге жолығыңыз. Ол сізге құтыруға қарсы дәрі егуі керек. Тістеген жерін сабынды сумен жуыңыз.
4. Егер ит иесімен қыдырғанда сізді тістесе, онда иттің иесінен құтыруға қарсы жасалған прививкасын сұраңыз.


Ата-аналарға

Сіздің балаңыздың қауіпсіздігі

Қылмыстың бір түрі – балаға зорлық көрсету. Озбырлық, зорлық-зомбылық көрсету, жаман қарау, ауыр физикалық және психологиялық зақым көрсету деректері күн сайын газет беттерінде жиі кездесіп тұрады.
Қауіп-қатер азайту, балаларды зейінділікке, сақтыққа, қауіпті жағдайлардың алдын алуға үйрету керек, ондай жағдайларды олар дала немесе үйде де кездестіруі мүмкін. Көп жағдайда милицияға ол туралы хабарлай алмайды, себебі білместік немесе қорқыныш сезім, үрей билейді. Сондықтан да балаға мынаны түсіндірген жөн:
- Үйде жалғыз болғанда, бөтен адамдарды үйге кіргізбеу керек;
- Бөтен біреудің машинасына отырмау, қыдырып жүргенде бөтен адамдардан тәтті, сыйлықтар алмау керектігін үйрету қажет;
- Көшенің қараңғы жерлерінен, көпшілік жүрмейтін саябақтар мен стадиондардан аулақ жүруге үйрету.

Ал ата-аналарға осыған жауап:
- Балаға сеніңіз, сонда ол сізге барлық шындығын айтуды үйренеді;
- Дұрыс тәрбие балаға болашаққа деген сеніммен қарауға және қауіп-қатерді тез білуге үйретеді;
- Тәрбиеші мен репетиторды жалдағанда өте мұқият болған жөн, себебі сіз балаңызды басқа адамның тәрбиесіне бергелі отырсыз;
- Егер сіз балаға қатыгездікпен қарау жағдайларын естігін болсаңыз немесе көрген болсаңыз бірден білікті билік органдарына хабарлаңыз.

Арқасөмкелерін қалай дұрыс таңдау керек?

Кейде 1 сынып оқушысының сөмкелерінің ауырлығы екі килограммнан асып кетеді. 6-7 жасар бала үшін 1,5 киллограммнан асып кетсе, бұл ауырлық нормадан тыс. Сондықтан дорба алар кезде ата-ана ең алдымен оның салмағына назар аударуы керек. Таңдау жасар алдында әдемілік үшін жапсырылған түрлі суреттер, замок, шынжырлардың керек емес екендігін ойлаңыз. Ең дұрысы, жеңіл, арнайы ордопедикалық арқасы бар сөмкелерді таңдау керек. Мұндай сөмкелердің салмағы 500-800 граммнан аспайды. Олар өте қарапайым, әрі керексіз бөлшектері жоқ.
3 сыныптан бастап жинақталған портфельдің салмағы 2,2 килограммның жобасында болуы тиіс, 7-8 сынып оқушыларының портфель салмағы 3,2 килограммға дейін болуы керек. Түлектер денсаулықтарына зиян келтірмей 3,7 килограммға дейін көтеруі қажет. Сөмке салмағы өзінің кішкентай иесінің салмағының 10 пайыздық бөлшегінен аспауы тиістігін естен шығармау қажет. Портфель сынды мектепке қажетті затты алу кезінде сөмкенің ретке салынатын асқышының жұмсақ, әрі жалпақ болуы керек екендігін естен шығармағаныңыз абзал. Сапалы сөмкелердің арқаға асқышында иыққа батпасы үшін кішкене жұмсақ жастықшасы болады. Сонымен қатар денег қысым түспесі үшін дорбаның арқашасында да сондай кішкене жастықшасы болады. Сондай-ақ сөмкелерде жарыққа әсер ететін, қараңғыда жолда алыстан жарқырап көрінетін жолақшалардың болуы баланың өмірін сақтап қалуға өз үлесін қосар еді деп ойлаймын.







Қыс мезгіліндегі қауіпсіздік

Мұз үстіндегі қауіпсіздік шаралары мен өзін-өзі құтқару

Әрбір адам төтенше жағдайға тап болуы мүмкін, мұз үстінде балық аулау, аңға шығу, шеру, мұз үстінде жүргенде т.б.
Қыс мезгілінде табиғат адамға аяныш жасамайды. «Мұзды аймақта» жарақат алу, адам өлімі, мұз астына түсіп кеткенде, далада қалып қою, ауыру т.б. Мұзда қалу жағдайында әр адам өзін құтқаруға дайын болуы тиіс, құтқару ережелерін, аман қалу жолдарырын, өзін-өзі құтқару амалдарын дұрыс ұйымдастыра білуі қажет. Мұздың тығыздығы мен қауіпсіздік шаралары бір адам үшін қыс мезгілінде (-50 гардус) мұз қалыңдығы 4-5 см, екі адамға 8 см, 5-7 адамға 12-14 см қауіпсіз болады. Ең қалың мұздың түсі көкшіл (не жасылдау) ауасыз (көпіршіксіз) болып келеді. Екі есе әлсіз мұз, сүт түсті (қатты қардан соң) жарылмай-ақ сынады. Мұздың үстімен аяқ астында майда жарықшақтар мен жәй дыбыс шығарғанда басқадай шаралар болмаса жүруге болады. Ең қауіпті мұз: көктемгі күн жылына бастағанда, жаңбыр жауғаннан кейінге мұз ақ түске айналады, кейде сары түске енеді.
Күзде боран мен қардан кейінгі мұз үстімен жүруге болмайды. Қатты ағымды өзендердің үстіндегі мұзбен жүргенде абай болу қажат. Өз құрылымына қарай әр өзен, көлдер, мұз қатуы әртүрлі болады. Тез ағатын, иірімді өзендердің жағалауынан алысырақ болу керек, себебі ортада мұз бүтін қалыпта болады. Өзенге немесе жағалауға қардан таза жермен өту керек. Қар көп жиналған жерде, жарларда, қамыс көп өскен жерде, ағаш жырғалардың қосылған жерінде, көл, өзендердің (су тез ағатын жерлерде) мұз жұқа болып қатады. Суық күндері өзеннің, көлдің қатпай қалатын жерлерінен «бу» шығады. Көктемде мұз басқан бұталар мен қалың шөп өскен жерлер қауіпті.

Мұз үстінде жүру ерекшеліктері:
- қатпаған мұз үстінде шықпаңдар;
- мұз үстінде топ болып тұрмау керек;
- мұз жарылған, шұңқыр жерлерге жақындамаңыз;
- биік жардан шана, шаңғымен сырғанамаңыз;
- мұз үстіне рұқсат етілмеген жерлерден өтпеңіз;
- мұз үстіне қараңғы, нашар көрінетін кезде шықпаңыз;
- өткел жоқ жерден мотоцикл, автокөлікпен жүрмеңіздер.
Мұз үстінен жүру ережесі:
Мұздың толық қатпағанын білсеңіз, сырғи жүріп, аяғыңызды жұмсақ жерге басқанда мұз қатпағанын білсеңіз тез қимыл жасаңыз. Шаңғымен жүргенде топ бірінің артынан бірі жүре отырып, аралары 5-6 метр болуы тиіс. Топ басшысы тәжірибелі болуы тиіс. Топ басшысының құтқару жейдесі, ұзынтаяғы болуы тиіс. Жай жүрісте мұз тез сына қоймайды (секірмесең, жүгірмесең). Мұздың сынуына ондағы жарықшық, түсі бұзылуы, үстінде су пайда болуы әсер етеді. Мұндай жағдайлар байқалған жағдайда өзің келген ізбен тез артқа қайту керек.

Егер аяғыңыздың астында мұз жарылса:
Мұндай жағдайда шу көтермей, салқын қандылық танытыңыз. Арқаңыздағы жүгіңізді түсіріп, келген ізіңізбен қайтыңыз. Егер де суға түсіп кетсеңіз, онда артық жүгіңізден арылыңыз. Су бетінде тұру үшін, мұз бетіне шығуға әрекет жасаңыз. Алдымен мұз бетіне бір аяғыңызды, кейін екінші аяғыңызды шығарыңыз. Дем алып, мұз жарылған жерден алыс кетуге тырысыңыз, бар даусыңызбен көмекке шақырыңыз.

Егер сіз көмек көрсететін болсаңыз:
Мұз жарылған жерге ішіңізбен еңбектеп, екі қолыңызды аяғыңызды етбеттеп жатып жетіңіз, болмаса тақта, не шаңғыға сүйеніңіз.
Зардап шегушіге жақындап, оған арқанның, трос, белбеу, шарф т.б. лақтыру керек. Мұз ойылған жерге дейін тақта, шаңғы, саты т.б. Зардап шегуші сол заттарын біріне қолы жетісімен, жайлап еңбектеп өзіңе тарт. Суға батушыға бір болмаса екі адам ғана болып көмектесе алады.

Мұз үстінде қалып қойғанда не істеу керек:
Шу көтермей, даурықпай, тыныштық сақтаңыз. Жағдайды анықтап, қасыңыздағы адамдарды тыныштық сақтауға шақырыңыз! Мүмкіндік болса 1-2 адам суға секіріп жағаға жүзіп барып, көмек шақырсын. Мұз үстінде қалғандар аспанға оқ атып, от жағып, дауыстап адамдардың көңілін өздеріне аударуы қажет.
Үсік алу
Қатты үсікті санаулы минутта алу мүмкін, көбіне адамның беті, қолы, аяғы үседі.


Қалай жылыну керек?
Қолды үсік шалғанда саусақтарыңызда жұдырықтарыңызға жинап, киім астына салу, қолыңыз жылып, құрғаған соң ғана қолғабыңызды киіңіз. Егер қолғап ішінде қолыңыз тоңса, онда қолыңызды сермеңіз, қолды жұдырығыңызға түймеңіз.Қолыңызды ішіңізге салып жылытыңыз. Егер аяғыңызды үсік шалса, орныңыздан қимылдаңыз. Егер бетіңізді үсік шалса, бетіңізді төмен қаратып, алға жүріңіз, не 10-20 рет еңкейіп, қимыл жасаңыз, үсік шалған бетті жұмсақ матамен сүртуге болады, қармен сүртуге болмайды.

КӨКМҰЗ
Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.
Мұздақ - жер үстінде пайда болатын мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады. Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек. Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.
«Қалай дұрыс құлау» керек:
Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қаже

Алғашқы көмек

АЛҒАШҚЫ КӨМЕК КӨРСЕТУ ПРИНЦИПТЕРІ
Мыналардан құралады:
1) оқиға орнын қарау;
2) бірінші рет қарау, көмек көрсету;
3) жедел жәрдем шақыру;
4) екінші рет қарау.

Оқиға орнын қарау
* Сіз үшін қауіпті емес пе?
* Не болды?
* Зардап шеккендер қанша?
* Айналаңыздағылардың сізге көмек көрсететін жағдайы бар ма? Қарау кезінде әрбір нәрсеге назар аударыңыз. Бұл оқиғаның немесе жарақаттың бастапқы себептерін көрсетеді. Егер зардап шеккен адам естүссіз болса, ал куәгерлер болмаса, түбегейлі қарау өте маңызды.

Бірінші рет қарау, зардап шегушіге алғашқы көмек көрсету (бірінші кезекте, өмірлік маңызды органдарға төнген қауіпті анықтауға бағытталған) ол:

1) есін тексеру (ми жүйесі);
2) тыныс жолдарының демалысын тексеру;
3) тыныс алудың болуын тексеру (өкпе);
4) пульсін тексеру (жүректің жұмысын).
Есін тексеру
- Зардап шегушінің есінен айырылмағанын анықтаңыз.
- Егер ол қатты айқай, иығынан жұлқылау сияқты сыртқы тітіркендіргіштерді сезбесе, оны көмек көрсетуге келісті деп есептеңіз.

Сіздің келесі әрекеттеріңіз:
Тыныс жолдарының демалысын тексеру
Пульсін тексеру


Жедел жәрдем шақыру
Жедел жәрдемді келесі кез-келген жағдайларда шақыру керек:

- ес-түссіз немесе ес деңгейінің өзгермелілігі;
- тыныс алудағы қиындықтар (тыныс алудың қиындауы немесе болмауы);
- үздіксіз ауру сезімі немесе кеудедегі қысымды сезіну;
- пульстің болмауы;
- көп қан кетуі;
- іштің қатты ауыруы;
- қан құсу немесе қанның бөлінулер (зәрмен, қақырықпен) шығуы;
- улану;
- сіңір тартылу, қатты ауыру немесе түсініксіз сөйлеу;
- бастың, мойынның немесе арқаның жарақаты, сүйек сыну ықтималдығы.

Тыныс алудың бұзылуын келесе белгілері бойынша анықтауға болады:
- Сау адамның тыныс алуы тұрақты, жеңіл және шусыз.
- Тыныштық жағдайдағы ересек адамның қалыпты тыныс алу жиілігі минутына 12-20 деп алуды құрайды. Балалар мен сәбилердің әдетте тыныс алу жиілігі жоғары.
- Зардап шегуші ауаны аузымен жұтады.
- Тыныс алуы шулы, ысқырықты. Тыныс алу кезінде бүлкілдеген дыбыстар, тыныс алудың жиілеуі немесе баяулауы. Тыныс алу кезіндегі ауыру сезімі.
- Өте терең немесе тым беткейлік тыныс алу.
Өкпені жасанды желдету үшін зардап шегушінің басын шалқайтыңыз және иегін сәл көтеріңіз.
5 сек ішінде көру, есту және сезіну бақылауын жүргізіңіз. Егер зардап шегуші тыныс алмаса, өкпені жасанды желдетуді жүргізіңіз.

Шоктық жағдай
* Қатты қан кетуден немесе организмнің сусыздануынан (құсу, іш өту, күйік) миға басқа да өмірлік маңызды органдарға қан мен оттегі келуінің төмендеуі нәтижесінде пайда болатын, өлім қаупін тудыратын жағдай.

Алғашқы көмек:
* зардап шегушінің жылытыңыз (көрпе т.б. жабыңыз);
Зардап шегушіні арқасымен жатқызыңыз, аяғын дене деңгейінен 30 см жоғары көтеріңіз (егер бас, мойын немесе омыртқа жарақаттанбаса).
* Зардап шегушіні тыныштандырыңыз, шоктың дамуына әкеп соғатын басқа да жарақаттар мен аурулардың болуы кезінде көмек көрсетіңіз. Зардап шегушіге сусын бермеңіз.

Талу
Миға қан келуінің уақытша төмендеуі салдарынан болатын жартылай немесе толық мерзімдік естен тану.

Алғашқы көмек:
* өмір сүру белгілері болуын тексеріңіз;
* шок жағдайындағыдай көмек көрсетіңіз: зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз, аяғын басынан 30 см жоғары көтеріңіз;
* таза ауамен қамтамасыз ету;
* егер зардап шегуші 1-2 минут ішінде есін жинамаа, жедел жәрдем шақырыңыз.

Қан кету
Қанның ағуымен жүретін, тамыр қабырғасының бүтіндігінің бұзылуы
Сыртқа қан кету кезіндегі алғашқы көмек:
* Жараны қысыңыз;
* Зақымданған аяқ-қолды көтеріңіз;
* Зардап шегушіні арқасына жатқызыңыз;
* Қысатын таңғышпен байлаңыз;
* Шокқа қарсы іс-әрекет жүргізіңіз.
- Егер қан дәкенің сыртына шықса, қосымша сулықтар таңып, ескі таңғыштың үстінен дәкемен ораңыз. Қан сіңген сулықтарды ешқашан шешпеңіз.
- Қолға немесе аяққа таңғыш салу кезінде, саусақтарды дәкемен орау қажет болмаса, саусақтарын ашық қалдырыңыз. Саусақтар бойынша таңғыштың тығыз оралғанын анықтауыңызға болады. Егер қолдың немесе аяқтың саусақтары салқындай бастап, жансызданса немесе түсі өзгерсе, таңғышты сәл босатыңыз.
- Пяқ немесе қолдардағы бақыланбайтын қан кетулер кезінде (аяқ-қолдың ампутациясы) жгут салу артериалдық қан кетуді толық тоқтатудың тиімді тәсілі болып табылады.
Бірақ бұл әдіс ең соңғы құрал ретінде қолданылуы тиіс, себебі барлық жағдайда тығыз таңғыш салу және артерияны саусақпен басу қан кетуді тоқтатуға жеткілікті болып табылады.

Түрлі температураның ағзаға әсері
Күйік
Бұл жоғары температураның, химиялық заттардың, электр тогының, күн сәулесінің әсер ету нәтижесінде тері және шырышты қабаттардың зақымдануы.
Тіндердің зақымдалу тереңдігіне байланысты күйікті үш дәрежеге бөледі:
І дәреже – терінің қызаруы байқалады;
ІІ дәреже – терінің күлдіреуі;
ІІІ дәреже – терінің және төмен орналасқан тіндердің қараюы. Күйік ауыру сезімімен және күйген жердің ашуымен бірге жүреді.
Алғашқы көмек:
Дереу жедел жәрдем шақырыңыз, егер күйік:
* Тыныс алуды қиындатса;
* Дененің бір бөлігін ғана алмаса;
* Бас, мойын, қол білезіктерін, табан немесе жыныс мүшелерінде болса;
* Балала немесе кәрі адамда болса.
Күйік химиялық заттардан, жарылыстан немесе электр тогының әсерінен болса.
Салқындату шағын күйіктер кезінде күлдіреудің алдын алады және қатты күйіктер кезінде тіндердің зақымдалуын азайтады.
- Бірінші және екінші дәрежелі сүйіктер кезінде жараны салқын сумен салқындатыңыз, тірақ мұзбен емес.
- Оны таза дымқыл сулықпен жабыңыз.
- Ісіну пайда болғанша, зардап шегушінің сақинасын, сағатын және басқа да заттарын шешіңіз.
Тыйым салынады:
- Күйген жерге зарарсыздандырылған немесе таза тампон- таңғыштардан басқа заттарды тигізбеңіз.
- Мақтаны пайдалануға және күйген жерге жабысқан киімді тартуға, күйік күлдіреулерді ашуға.
- Үшінші дәрежелі күйік кезінде жараны тазалауға (мүндай күйік кезінде зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз).
- қандай да бір кремдерді, мазьді, сепкіштерді, тіс пастасын жағуға.
Үсік
Үсік суық жарақатының кезек күттірмейтін түрі болып табылады және ағзаның тіндерінің қатуына әкеп соғады. Үсік, қол білезігі мен саусақсыз және аяқсыз қалдыруы мүмкін.
Алғашқы көмек:
- Егер дене температурасы 35 гр С-тан төмен болса жедел жәрдем шақыртыңыз.
- Үскен бөлікті ешқашан ысқыламаңыз.
- Үскен бөлікті қолыңызбен немесе дененің басқа бөлігімен жылытыңыз.
- Дененің үскен бөлігін, температурасы 38-42 гр С жылы суға салыңыз және қызарып, жылығанша ұстаңыз.
- Зақымдалған бөлікті құрғақ зарарсыздандырылған дәкемен ораңыз. Аяқ және қол саусақтары үскен кезде, олардың арасына дәке қойыңыз.
- Пайда болған күлдіреуді ашпаңыз.
- Зардап шегушіні мүмкіндігінше жылдам дәрігерге жеткізіңіз.
Жарақаттар
Тірек-қимыл аппараты құрылымының бүтіндігінің бұзылуы.
Тірек-қимыл аппараты жарақатының 4 түрі бар:
1) Сынықтар (сүйек, сүйек үсті, шеміршектер);
2) Буынның шығуы;
3) Бұлшық еттер мен сіңірлердің созылуы;
4) Бұлшық еттер мен сіңірлердің жыртылуы.
Алғашқы көмек:
- Жарақаттанғаннан кейінгі бір сағат ішінде тыныштық, салқынмен қамтамасыз ету.
- Егер сіз зардап шегушіні емдеу мекемесіне жеткіземін деп шешсеңіз, дененің зақымданған бөлігінің қозғалмауын қамтамасыз етіңіз (иммоблизация).
- Дененің зақымданған бөлігін жоғары орналастыру керек.
Имоблизация үшін келесі құралдар пайдаланылады:
- жұмсақ (көрпе, орамал т.б.);
- қатты (картон, тақтай, кітап және т.б.);
- анатомиялық (зардап шегушінің бекітуге көмектесе алатын дене мүшесі, мысалы аяғын аяғына);
- дайын шиналар.
Алғашқы көмек:

- Жедел жәрдем шақырыңыз:
- Зардап шегушінің басын тауып алған қалпыңызда екі жағынан бекітіңіз.
- Тыныс алу жолдарының өткізгіштігін бақылаңыз. Ес деңгейі мен тыныс алуды бақылаңыз. Сыртқы қан кетуін тоқтатыңыз.
- Дененің қалыпты температурасын сақтаңыз.
- Егер зардап шегушіге қорғаныс шлемі киіліп тұрса, оны шешпеңіз. Қорғаныс шлемін зардап шегуші деп алмаған жағдайда ғана шешіңіз.