ҰБТ-2017 жаңа формат туралы қысқаша мәлімет » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » ҰБТ-2017 жаңа формат туралы қысқаша мәлімет
24
қараша
2016

ҰБТ-2017 жаңа формат туралы қысқаша мәлімет

ҰТО ұсынып отырған емтиханның жаңа форматының 2004-2016 жылдары өткізілген дәстүрлі ҰБТ дан айырмашылығы:
2017 жылы балалар мектепте 5 пәннен емтихан тапсырады:
бірінші бөлімі:
1) 250 сөзден тұратын эссе;
2) алгебра ( геометриясыз) пәнінен бақылау жұмысы;
3) Қазақстан тарихынан билет бойынша ауызша.
Екінші бөлімі:
- қазақ тілі мен
- таңдау пәні ( оқушы өзі таңдаған) 40 сұрақтық тест жұмысы.
ЖОО - ға түсу үшін:
Бірінші бөлімде:
Математика және оқушы сауаттылығынан 40 сұрақтық тест.
Екінші бөлімде: таңдаған мамандығына байланысты екі таңдау пәнінен тест жұмысы. Мысалы, медицина саласы үшін химия және биология пәнінен.
1) ҚР ЖОО - ға түсу үшін таңдаған мамандықтарына сәйкес екі таңдау пәні болады.
2) Талапкерлер екі таңдау пәнді бір күнде емес әр күнде тапсырады.
3) Талапкерер неше пән тапсырамын десе өз еркі, әр күні әр бейіндік пән тапсырып бағын сынай алады, бұл тапкерлерді көп мамандық таңдауға мүмкіндік береді.
4) Емтиханды бір емес үш рет тапсыруға мүмкіндігі бар, мысалы грант үшін Наурыз және шілде айында екі рет тапсырып, өз қалауындағы нәтижесін грантқа үміткер ете алады. Ал, ақылы оқу үшін тамыз айында тапсыра алады.
5) Мамандықтарға сәйкес таңдау пәндері:
Мамандық атаулары 1 таңдау пәні 2таңдау пәні
Авиациялық техника мен технология Математика Физика
Ұшатын аппараттарды және қозғалтқыштарын өндіру Математика Физика
Түркология Шеттілі Қазақ/орыс тілі
Заңгерлік Дүние жүзі тарихы Шет тілі
Кеден ісі Дүние жүзі тарихы Шет тілі
Халықаралық құқық Дүние жүзі тарихы Шет тілі
Әуенді жүргізу Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Вокальдық мәдениет Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Дәстүрлі ән күй мәдениеті Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Дирижерлық Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Өнер менеджменті Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Шетел тілі: қос шеттілі Ағылшын тілі Қазақ/орыс тілі
Аударма ісі Шеттілі Орыс/қазақ тілі
Шетел филологиясы: ағылшын тілі Ағылшын тілі Қазақ/орыс тілі
Алғашқы әскери даярлық Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Қоғамдық жұмыс География Қазақстан тарихы
Дәрі дәрмек өндірісінің технологиясы Химия Биология
Қоғамдық денсаулық сақтау ісі Биология Химия
Медбике ісі Биология Химия
Фармация (дәрі дәрмек өндірісі) Химия Биология
Халықаралық қатынастар Шеттілі Дүние жүзі тарихы
Тарих Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Мәдениет Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Филология:қазақ тілі Қазақ тілі Әдебиет
Дінтану Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Архелогия және этнология Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Шығыстану Шеттілі Дүние жүзі тарихы
Баспа ісі Қазақ/орыс тілі Әдебиет
Мұрағат ісі, құжат ісі, құжаттармен қамтамасыз ету Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Қоғаммен байланыс Қазақ/орыс тілі География
Әлеументану Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Саясаттану Дүние жүзі тарихы Қазақстан тарихы
Психология Биология Қазақстан тарихы
Журналистика Шығармашылық 2 Шығармашылық 1
Аймақтану Шеттілі Дүние жүзі тарихы
Әлемдік экономика Математика География
Менеджмент Математика География
Мемл/к және жергілікті басқару Математика География
Маркетинг Математика География
Математика Математика Физика
Информатика Математика Физика
Механика Математика Физика
Туризм География шет тілі
Жалпы медицина Биологи химия
Есеп және аудит: Математика, география
Мұнай газ ісі: Математика, физика