12 мамыр "Ата-ана сағаты" ата -аналар жиналысы » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » 12 мамыр "Ата-ана сағаты" ата -аналар жиналысы
13
мамыр
2017

12 мамыр "Ата-ана сағаты" ата -аналар жиналысы

Жамбыл облысы әкімдігінің білім бөлімінің 5.05.2017 жылғы № 02-1673 хатына және Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 10.05.2017 № 02-03/981 хатына сәйкес 12 мамыр күні, сағат 18.30 1-11 сынып ата-аналар жиналысы ұйымдастырылды. Жиналысқа мектеп әкімшілігінен құрылған мобильдік топ мүшелері, қамқоршылар кеңесінің мүшелері, ата-аналар қауымдастығы және «Шу өңірі» баспасөзінің тілшісі тартылды. Жиналысқа 1-4 сыныптардың 431 ата –ананың ішінен 384 ата –ана қатысты , 5-9 сынып оқушыларың 426 ата –ананың , 291-і қатысты, 10-11 сынып ата –аналарының 73 қатысты. Жалпы мектеп бойынша жиналысқа қатысқан ата –аналар саны 748, яғни 78 % құрады. 
Ата-аналар жиналысында мектептегі қамқоршық кеңестің қызметі және жаңа форматтағы ҰБТ мен мектеп түлектеріне арналған іс-шаралардың ұйымдастырылуы туралы мәселелер қаралды. Жиналыс барысында zh-bilim-kz ресми сайтынан алынған материалдар ата –аналарға көрсетіліп, талқыланды.
«Былтырдан бастап 1-сыныпта оқушылардың оқудағы жетістіктерін шектеусіз бағалау жүйесі енгізілді. Алдағы 1 қыркүйек – жаңа оқу жылынан бастап жаңартылған бағдарлама бойынша 1, 2, 5, 7-сынып шәкірттері оқитын болады. Биыл балалар ҰБТ-ны жаңа формат бойынша тапсырады. Сондай-ақ қала мектептері мен ауыл мектептерінің білім сапасының ажырауын болдырмау үшін ҚР БҒМ ауқымды жұмыстар жүргізіп жатыр. «Баршаға тегін кәсіптік білім» бағдарламасы бастау алды»-деп мектеп басшысы Х.Т.Нургалиев жаналысты ашты. 
Директордың оқу – ісі орынбасары Садыкова Р.О. оқу үдерісіне жаңартылған білім мазмұнын енгізу туралы-«Ата-ана үшін де бұл бағдарлама бір жағынан қорқыныш тудырса, екінші жағынан қызығушылық та тудырып отыр.Ата-аналар мәжілістерінде әр оқушының қалыптастырушы бағалау нәтижесін есеп беру бетшесі арқылы таныстырудың өзі ата-ана мен мұғалімдердің арасында ынтымақтаса жұмыс жасауға ықпал ететіндігін көрсетуде.Кері байланыс бетшесінде алған мәліметтерін,жазған ұсыныстарына қарай отырып ата-ананың бағдарлама мақсатын түсінгендігін байқауға болады.
Қорыта айтқанда, аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған. Ұстаздарға үлкен жауапкершілік міндеттелді. Оқушылардың бойына ХХІ ғасырда өмірдің барлық салаларында табысты болу үшін, қажетті дағдыларды дарыту үшін, мұғалімдер тынымсыз еңбектену керек.
Бағдарламаның ерекшелігін тәнті болғанымызбен әттеген-ай дерлік жағдайлар да кездесіп, мұғалім жұмысына кедергі келтіріп жатқан кездер де аз емес. Ол бағдарлама мен оқулықтың сәйкес келмеуі. Бұл ата-анаға да,оқушыға да,мұғалімге де аз қиындық болмай тұр.Әрине, жаңа бастаманың қашанда қиындығы да қызығы да аз болмайды. Бірақ осы үлкен міндетті абыроймен атқарып,шәкірттерді бәсекеге қабілетті жеке тұлға дәрежесіне жеткізе білу әр ұстаздың міндеті. Сондықтан заман талабына сай болып жатқан өзгерістерден қауіптенбей, мақсатқа сай,нәтиже аламыз деп сенемін»- деп сөзін қорытындылады.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Д.А.Мамутова мектептегі қамқоршылық кеңесінің жұмысы туралы айтып өтті. Қамқоршылық кеңесі ҚР «Білім туралы» Заңының 44 бабының 9 тарауына сәйкес мектеп алқалық басқарудың түрі болып табылатынын және мектептегі қамқоршылық кеңесінің жалпы ережелері, құқықтары мен міндеттерімен таныстырып және жыл бойында қарастырылатын мәселелер мектептің тәрбие беру іс – шарасына бірлесіп атқаруға ата – аналар қауымын тарту, олардың педагогикалық мәдениетін, білімін көтеру мектеп пен отбасында салауатты өмір салтын ұйымдастыруға ықпал жасау және балаларды әлеуметтік жағынан қорғау. Біріңғай педагогикалық ұстаным негізінде оқыту мен тәрбие беруде педагогикалық ұжым мен қамқорлық кеңесі қарым – қатынасын ұйымдастыру, кешен оқу – тәрбие жұмысының материалдық-техникалық базасын нығайтуға көмектесу. Қамқоршылық кеңесінің жоспары бойынша жалпы оқыту жөніндегі айлық және «Мектепке жол», «Қайырымдылық» қамқорлық акциялары ұйымдастырылып, жетім, жартылай жетім және отбасылық жағдайы төмен аз қамтылған жанұяның балаларының үй-тұрмысымен танысу актісі жасалып, мұқтаж балаларға көмек көрсетілді. Оларға тегін оқулықтар, мектепке қажетті құрал-жабдықтар, киім - кешектер таратылды және тегін ыстық тамақпен қамтамасыз ету ұйымдастырылды. 
Мектеп әкімшілігінен құрылған мобильдік топ мүшелері «Нәтижелі жұмыспен қамтуды және жаппай кәсіпкерлікті дамыту» 2017 – 2021 жылдарға арналған бағдарламасы туралы айтып, ата –аналарды қызықтыратын сұрақтарға жауап берді.