Мектеп әкімшілігі » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
маусым
2018

Мектеп әкімшілігі

   

Мектеп әкімшілігі

 

 Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің директоры
Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы 1974 жылы туылған.
1991 жылы Абай атындағы Алматы Мемлекеттік Университетінің «География-экология» факультетіне түсіп, 1995 жылы аталған университетті география-биология пәндерінің оқытушысы мамандығы бойынша бітірді.
Еңбек жолын 1995-2000 жж. Шу қаласы Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебінің география-биология пәнінің мұғалімі болып бастады.
2000-2013жж. Шу қаласы №40 орта мектебінде география-биология пәні мұғалімі, мектеп психологы, мектеп директорының оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметтерін;
2013-2014жж. Жамбыл ауданы Жеңістің 30 жылдығы атындағы орта мектебі директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары қызметін атқарды.
2014жылдың 21 қазанынан 2017 жылдың қараша айына дейін Шу ауданы әкімдігі білім бөлімінің «Мәншүк Мәметова атындағы шағын орталықты орта мектебінің» директоры қызметін атқарды.
2015 жылы ауданның қоғамдық жұмыстарына белсене ат салысқаны үшін Шу ауданы әкімінің «Алғыс хатымен» марапатталды.
2016 жылы  аудандық білім мекемесі басшыларының арасында өткен «Үздік көшбасшы» байқауына қатысып, «Креативті басшы» номинациясын иеленді. 
2014-2017 жж аралығында мектеп басшыларының біліктілігін арттыру курстарында білімін жетілдірді.
2016 – 2017 жж. «Назарбаев Зияткерлік мектептері»ДББҰ Педагогикалық шеберлік орталығы әзірлеген ҚР жалпы білім беру ұйымдары басшыларының біліктілігін арттырудың білім беру бағдарламасы бойынша 640 академиялық сағат көлемінде ( 9 айлық) курсты аяқтады.      
2017 жылы Дулат ауылдық округінің әкімі сайлауына кандидат болып тіркелді.
 2017 жылдың 2 қарашасынан Шу қаласы «Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебінің» директоры қызметіне ауыстыру тәртібімен тағайындалды.