Тәрбие жұмысының жылдық есебі 2016-2017 оқу жылы » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Тәрбие жұмысының жылдық есебі 2016-2017 оқу жылы
09
тамыз
2017

Тәрбие жұмысының жылдық есебі 2016-2017 оқу жылы

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрінің 2015 жылғы 22 сәуірдегі №227 бұйрығымен бекітілген «Тәрбиенің тұжырымдамалық негіздері» мен "Мәңгілік ел" жалпыұлттық идеясының құндылықтарын негізге ала отырып тәрбие жұмысының жылдық жоспар құрылып, бекітілді.
Тәрбие жүйесінің құрылымы:
- Әлеуметтік –педагогикалық қызмет;
- Психологиялық –педагогикалық қызмет;
- Ата-аналармен жұмыс;
- Сынып жетекшілерінің әдістемелік бірлестігінің жұмысы;
- Өзін-өзі басқару жүйесі;
- Салауатты өмір салты орталығы;
- Құқық бұзушылықтың алдын-алу кеңесі;
- Мектептен тыс мекемелермен байланыс жұмыстары;
- «Қыз Жібек клубы»;
- «Адал ұрпақ» еріктілер клубы;
- Қамқорлық кеңесі;
- «Аналар кеңесі»;
- «Әкелер кеңесі»;
- «Жас Ұлан» ұйымы;
Тамыз айында барлық мектеп жасындағы балаларды оқуға тарту, аз қамтылған отбасынан шыққан оқушыларға жан-жақты материалдық көмек көрсету мақсатында «Мектепке барар жол» акциясы ұйымдастырылды, аз қамтылған отбасынан шыққан біздің мектебімізде білім алатын оқушыларға кеңсе тауарлары берілді.
Педагог –ұйымдастырушы Мусирова Мариямның ұйымдастыруымен мектебімізде жоспар бойынша өткізілетін мерекелік іс-шаралардың барлығы жоғары деңгейде жүргізілді. Атап айтсақ:
1 қыркүйек «Білім күні» барша оқушылар мен аяулы ұстаздардың асыға күткен мерекесі. Білім күні әр жыл сайын дәстүрге айналған «Сыңғырла, Алғашқы қоңырау» салтанатты жиыны мектеп ауласында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Жиынға ата-аналар,ардагер ұстаздар, мектеп әкімшілігі,ұстаздар мен оқушылар қатысты. Дәстүрлі мерекенің ең басты қонақтары алғаш мектеп табалдырғын аттаған 1 сынып оқушыларына ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың «Менің Отаным Қазақстан» атты сыйлық кітабын мектебіміздің ардагер ұстаздары мен ата-аналар комитетінің төрағасы Баетов Қ.Р. таратты. Салтанатты жиын мектебіміздің жас бүлдіршіндаит ер тобының ән-биімен жалғасты. Алғашқы қоңырау соғу рәсімі 
11 сынып оқушылары мен 1 сынып оқушыларына берілді. 1-қыркүйек Білім күні 1-8 сыныптары «Мен-өз Отанымның патриотымын» атты тақырыбында сынып сағаттарымен басталды. Ал, 9-11 сыныптарға қазақ тілі пәнінің мұғалімі Р.Ильясова «Мен-өз Отанымның патриотымын» тақырыбында конференция сабағын ұйымдастырып өткізді. 
5-7 сынып оқушылары арасында балалардың санасына дәстүрлі ұлттық және адамгершілік құндылықтарды жандандыру, отбасы негізінде қалыптастыру мақсатында "Менің отбасым" тақырыбында сурет салу байқауы ұйымдастырылып өткізілді . Байқауға әр сыныптан 2 - 3 оқушыдан жалпы 
27 оқушы қатысты. Сурет салу барысында оқушылар өз отбасы жайлы әңгімелеп, берілген тақырып бойынша сурет салды. Оқушылар белгіленген уақыт ішінде берілген тапсырманы дер кезінде орындап бітірді. Байқау соңында бекітілген қазылар алқасының қорытындысы бойынша, оқушылар жас ерекшеліктеріне қарай, марапаттарға ие болды. "Жас суретші" номинациясымен 5 "Ә" сынып оқушысы Базарбай Балауса марапатталса, 3-орынды 5 "А" сынып оқушысы Айтбай Қарлығаш , 2-орынды 7 "Б" сынып оқушысы Шоқай Аңсар, 1-орынды 6 "А"сынып оқушысы Алтығұл Мөлдір, бас жүлдені 6 "А" сынып оқушысы Бегалиев Бекзат иеленді. Байқауға қатысушы барлық оқушылар мақтау қағаздарымен марапатталды. 
Денсаулық күніне орай 8-9-10 сынып оқушылары арасында салауатты өмір салтын қалыптастыру, денсаулықты нығайту, көңіл күйді көтеру, сыныппен бірге ұйымшылдықты сезіну мақсатында «Көңіл күй және денсаулық» тақырыбында флэш-моб байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқау мектеп АКТ залында өтті. Байқауға жалпы - 10 сынып қатысты, әр сыныптан 15-20 оқушыдан қатысты. Оқушылар барлығы байқау шартында берілген ережеге сәйкес, бірегей формада киініп, түрлі жаттығуларды әуеннің ырғағымен орындады. Байқау соңында флэш-моб талаптарын жоғары дәрежеде орындаған 10 "А", 9 "А", 8 "Б", 8 "В" сыныптары мектептің мақтау қағаздарымен марапатталды.
1 Қазан – Халықаралық Қарттар күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері «Құрметпен қарттарыма сәлемдеме» атты акция ұйымдастырып қарт ата-апаларымыздың үйіне барып мерекелерімен құттықтап ризашылығына бөленіп қайтты. Акция «Қарттарым аман - сау жүрсін» тақырыбында кездесу кешімен жалғасты. Кешімізге аудандық ардагерлер ұйымының төрағасы бастаған бір топ қарт аталарымызбен мектебіміздің қарт ата-апаларыда қатысты.Кешті мектеп директоры Нұрғалиев ҚажакпарТұрдахұнұлы ашып мерекелерімен құттықтады. Қарт ардагер ата-апаларымыз мектеп оқушыларының дайындаған олең, жыр шумақтарын тыңдап, мың бұралған бишілер тобының концерттік бағдарламасын тамашалап оқушыларымызға деген жылы лебіздерін білдірді. Кеш соңында «Жас Ұлан» ұйымының бір топ мүшелері қарт ата-апаларымзға гүл шоқтарын сыйға тарттып риза етті.
1-5 қазан күндері аралығында мектебімізде ұстаздар күніне арналған 1-10 сыныптар арасында түрлі іс-шаралар өткізілді. 11 «А» сынып оқушылары сынып жетекшісі А.Ахметова «Ұстазым менің, ұстазым!» атты мерекелік кеш ұйымдастырды. Кешке ұстаздар, мектеп әкімшілігі мен бір топ ардагер ұстаздарымыз қатысты. Мерекелік кеш мектеп АКТ залында мерекеге сай безендіріліп өткізілді. Кеште оқушыларымыз өздері дайындаған жыр шумақтарын,ән-би өнерлерін ұсатздарына тарту етіп, ұстаздардың ризашылығына бөленді. Кеш соңында бітіруші сынып оқушылары ұстаздарына арнап «Ұстазым» әнін хормен орындап мерекелік кешті аяқтады.
17 қараша күні мектебімізде 9-10 сынып оқушылары арасында 
«Аяулы күз, алтын күз» атты байқауы ұйымдастырылып өткізілді. Байқаудың мақсаты оқушылардың бойына патриоттық сананы қалыптастыру,жыл мезгіліне арнайы көңіл бөлу және биылғы оқу жылының күз ханзадасы мен ханшайымын таңдау. Жыл мезгіліне байланысты мектеп АКТ залы тақырыпқа сай безендірілді. Байқауға қатысушы сыныптар күз тақырыбы бойынша жарнама, күзгі ас мәзірі, күз сыйы көрме, күзгі сән үлгісі тақырыптары бойынша өз өнерлерін ортаға салды. Байқау соңында 9 "А" сыныбы 3-орынды, 9 "Ә" сыныбы 2-орынды, 10 "Б" сыныбы 1-орынды, 10 "Ә" сыныбы бас жүлдені иеленді. Күз ханзадасы мен ханшайымы номинациясына 10 "Ә"сынып оқушылары Қасеналы Бекболатпен Жұмахан Нұрай ие болды.   Байқауға қатысушы сыныптар өте жоғары деңгейде дайындалғандарын көрсетіп көпшілік көрерменнің көңілінен шықты.
1 желтоқсан Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті күніне арналған түрлі іс-шаралар ұйымдастырылды. Мектеп АКТ залында 5-9 сынып оқушыларының қатысуымен «Менің Тұңғыш Президентім» атты мерекелік кеш өткізілді.Кешті мектеп директоры Қ. Т. Нұрғалиев ашып, барша мерекеге келген қонақтарды Тұңғыш Президент күні мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Тұңғыш Президент күніне түрлі көрмелер ұйымдастырылды. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранын оқушылардың орындауымен ашылды. Елбасының өмірбаяны мен қызмет жолдары, жетістіктері, оқушыларымыздың дайындаған жыр-шумақтары, слайд, «Менің балалық шағымның аспаны» атты фильмінен үзінді, 2013 жылы ашылған Елбасының кітапханасынан үзінді көрсетілді. Кешіміз мектебіміздің «Балдәурен» бишілер тобының дайындаған коцерттік бағдарламасымен жалғасты.Кешті «Қазақстан – бақытты ел, Президенті танымды, Халқы қарымды, досы көп ел екенін мақтан тұтамыз!»-деген ұранмен аяқтап, «Атамекен» әнімен жабылды.
16 желтоқсан «Тәуелсіздік күні» мерекесіне арналған іс-шаралар ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп АКТ залында 8-10 сынып оқушыларының қатысуымен «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты іс-шара өтті. Сахна мерекеге сай безендірілді.Ұстаздар мен 11 сынып оқушылары қатысты. Тәуелсіздік мерекесіне арналған іс-шаралар «Тұғырың биік болсын Тәуелсіздік!» атты әдеби сазды кешпен жалғасты. Кеш Қазақстан Республикасының Әнұранымен ашылды. Мектеп директоры Нұрғалиев Қажакпар Тұрдахұнұлы мерекелік кешті ашып, барша ұстаздар қауымын «Тәуелсіздік күні» мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді. Іс-шараға жас ұлан ұйымының мүшелері белсене қатысып өз өнерлерін көрсетті. «Балдәурен» бишілер тобы дайындаған ән, би өнерлерімен,10 сынып оқушыларының дайындаған «Желтоқсан оқиғасы» атты көріністерімен қорытындыланды.
25-29 желтоқсан аралығында мектепішілік «Қиял ғажайыпқа толы Жаңа жыл» тақырыбында Жаңа жылдық шырша мерекесі ұйыдастырылып өткізілді. Мектеп АКТ залы жаңа жылдық шырша, түрлі-түсті ойыншықтар, аяз-ата мен ақшақар суреті бейнеленген баннермен безендірілді. Шыршаға барлық сынып оқушылары түгелдей қатысты. Алғашқы шырша мерекесін бірінші болып, 1«А», 1«Ә» сыныптары бастап берді. Мектеп директоры Нұрғалиев Қажакпар Тұрдахұнұлы шырша мерекесіне келген барлық оқушылар мен ата-аналарды келе жатқан 2017 жыл, тауық жылымен құттықтап жаңа жылдық шырша шамын жағып мерекені ашып берді. Барлық оқушыларымыз өз өнерлерін ортаға салып Аяз-ата мен Ақшақардың сыйлығына бөленді. Шырша мерекесі барлық оқушыларымызға көтеріңкі көңіл – күй сыйлап қуантты. Ата-аналарымызда өз ризашылықтарын білдірді. 
14 ақпан күні Кеңес әскерлерінің Ауған жерінен шығарылғанына 28 жыл толуына арналған «Ауғанның асуында от кешкендер» атты Ауған соғысы ардагерлерімен кездесу кеші өткізілді. Ауған соғысы жайлы мағлұматтар алып, оқушылардың өрелік қабілеттерін кеңейту,тарихи оқиға туралы мәлімет беру,оқушыларды ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ауған соғысы ардагерлерімен әдеби – сазды тарихи кездесу кеші ұйымдастырылды. Кешімізге Құрбанбаев Айдар Боранқұлұлы, Молдамұратов Нұрғиса Көбенұлы, Асанов Бауыржан Серікұлы, марқұм Шымболатов Қанат Бейсенқұлұлы ағамыздың жары Бағдат апай мен аты аталған ардегер ағаларымыз қатысты. Кездесу барысында слайдтар, фотосуреттер, ауған соғысы фильмінен үзінділер көрсетіліп, Қанат ағамызбен мыңдаған жауынгерлердің рухына 1 минуттық үнсіздік жарияланды. Оқушылар ардагерлерге өз ойларында жүрген сұрақтарын қойып, ардагерлермен сұхбаттасты. Сұхбаттасу барысында сұрапыл соғыста кеудесін отқа тосып, Отан алдындағы борышын атқарып келген жауынгер-интернационалист ағаларымыз соғыс кезінде бастан кешкен қиындықтары туралы әңгімеледі. Кездесу кешіміз оқушыларымыздың дайындаған қазақ, орыс, ағылшын тілінде жыр шумақтары мен ән, биімен жалғасты. Кеш ҚР Мемлекеттік Әнұранымен жабылды. Кеш соңында ардагер Асанов Бауыржан Серікұлы сөз алып оқушыларға өз ризашылығын білдірді.
17 наурыз күні мектебімізде 8-9 сынып оқушылары арасында қыз балалардың жан дүниесіндегі көркемдік талғамын қалыптастыра отырып,қыздарды имандылыққа, инабаттылыққа, тәрбиелеу және ұлттық салт – дәстүрімізді, өнерімізді, тілімізді, дінімізді бойына сіңіру мақсатында, «Наурыздың әсем аруы» атты қыз сыны байқауы ұйымдастырылды.
Байқау мектеп АКТ залында тақырыпқа сай баннермен және шарларлармен безендіріліп өткізілді. Байқау 6- бөлім бойынша бағаланды. Онда: 
1. «Мен қазақтың қызымын» атты өзін-өзі таныстыру /көрініс түрінде/
2. «Өнерліге өріс кең» атты өнер сайысы.
3. «Қыз-еркем,кестесімен көркем» атты қолөнер сайысы.
4. Сұрақ – жауап. /салт-дәстүрге байланысты/
5. «Ас мәзірі» сайысы.
6. «Көктем бейнесі» көрме.
Байқаудың ережесі бойынша қыздарымыз өз өнерлерін бараша көрермен қауымға паш етті. Байқау соңында 9 "А" сынып оқушысы Қайрат Құралай 
3-орынды, 8 "В" сынып оқушысы Садығұлова Торғын 2-орынды, 8 "Ә" сынып оқушысы Үркербаева Арайлым 1-орынды иеленсе , 8 "А" сынып оқушысы Тәтібек Сабина Бас жүлдені жеңіп алды. 
20 наурыз күні Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесіне арналған «Армысың, Әз Наурыз» атты іс-шара ұйымдастырылды. Іс-шара мектеп АКТ залы мерекеге сай безендіріліп, мектебіміздің 9-10 сынып оқушыларының дайындаған өлең-жырлары, билері және ұстаздар қауымы дайындаған "Құда түсу", "Қыз ұзату", "Шілдехана", "Бесік той", "Тұсау кесер", "Ерулік" сынды қазақтың салт-дәстүрлерінен қойылымдар ұйымдастырылып өткізілді. Мектеп директоры Нұрғалиев Қажакпар Тұрдахұнұлы мерекеге келген қонақтарды, қатысушы барша ұстаздар қауымы мен мектеп оқушыларын Ұлыстың ұлы күні 22 наурыз мерекесімен құттықтап жылы лебізін білдірді.Мерекеге келген қонақтарда өз ризашылықтарын білдірді. Өткізілген іс-шара жоғары дәрежеде ұйымдастырылып өткізілді.
5 мамыр күні 9 мамыр Жеңіс күні мерекесіне орай, оқушыларды Ұлы Отан соғысында Қазақстандықтардың ерлік ісімен таныстыру мақсатында, мектеп АКТ залында "Ұлы ерлікке тағзым" атты мерекелік іс-шара ұйымдастырылып өткізілді. Сахна мерекеге сай безендірілді. Аталған тақырыпта 5-6 сынып оқушыларының Жеңіс күніне арналған суреттер көрмесі ұйымдастырылды. Іс - шараға мектебіміздің ардагер ұстаздары шақырылып, мектеп әкімшілігі, 9-10 сынып оқушылары қатысты. Мерекелік іс-шара "Жойылсын соғыс" әнімен 
6 "Б" және 7 "Б" сынып оқушыларының орындауында хормен айтылып ашылды. Соғыс жылдарындағы суреттерден слайд көрсетілді. 6 сынып оқушыларының соғыс жайлы, Жеңіс туралы тақпақтары, 4 "Б" сынып оқушыларының дайындаған "Тыныштық жаса, Тыныштық!" атты құттықтауларымен "Жеңіс туы желбіре" әндері және 8-9 сынып оқушыларының дайындаған ән-билерімен жалғасты. 
Мектебімізде «Жас Ұлан» ұйымы жұмысын атқарады. «Жас Ұлан» ұйымының мақсаты мен міндеттеріне сүйене отырып, жұмыстар мынадай басты бағыттары арқылы жүзеге асырылады : Зерде, Руханият, Отан, Салауат, Еңбек, Жеті жарғы, Экоәлем. 
«Жас Ұлан» ұйымына мүше болудың екі деңгейлі жұйесі бар. «Жас Ұланның» жоғары буынына 5-10 сынып, ал «Жас Қыран» төменгі буынына – 1-4 сынып оқушылары, сонымен қатар «Жас Ұланға» өз үлесін қосуға және оның мүшесі болуға ерікті түрде ниет білдірген балалар мен жасөспірімдер қабылданады.
Біздің мектебіміз бойынша «Жас Ұланға» 138 бала, ал «Жас Қыранға» бала қабылданды. Мүшелерді ұйымға қабылдауды «Жас Ұлан» бастауыш ұйымы жүргізеді. Ұйымға қабылдау бізідің мектептерімізде жылына 2 рет өткізіледі: 1 мамыр – Қазақстан халқының бірлігі күні және 16 желтоқсан – тәуелсіздік күні. «Жас Ұлан» ұйымының мүшелері жоспарларына сәйкес, келесі жұмыстарды атқарды: 
Отбасы күніне орай «Отбасы – бақыт мекені» атты дөңгелек үстел өткізіп, «Қарттарым – асыл қазынам» деген тақырыпта кездесулер ұйымдастырды. Рәміздерді насихаттау мақсатында қараша айында «Егеменді қазақтың рәміздері» атты жиналыс 5-7 сынып оқушыларымен өткізілді.
Ақпан, наурыз айларында «Көңіл күй шуағы» әлеуметтік – психологиялық акциясы, «Алғыс айту» күніне орай өткен акция, «Адамдарға күлкі сыйла» акциясы, «Болашаққа хат» әлеуметтік – психологиялық акциясы, «Арт-терапия» асфальтқа сурет салу акциясы өткізілді. 
Мектепте құқық бұзушылықтың алдын алу және қылмыстық істерді болдырмау жұмысы 4 бағытта жүргізіледі:
-ұйымдық – профилактикалық жұмыс
-құқықтық оқыту
-патриотизм,жан руханияттылық,адамгершілік
-салауатты өмір салты
Қыркүйек айында тәртіп бұзушылықтың алдын-алу және қылмысты болдырмау мақсатында жылдық жоспары құрылып, атқарылуда. «Қауіпсіз мектеп акциясы» ұйымдастырылып, жоспары бекітілді. «Қиын оқушылардың» әлеуметтік жағдайлары анықталып, акт жасалынды. Мектепішілік мұғалімдер арасында қаңғыбастықтың алдын-алу мақсатында ойын-сауық орталықтарына, темір жол бекетіне және орталық базарға кезекшілік ұйымдастырылып, өткізілуде. 
Мектебімізде мектеп инспекторы полиция аға лейтенанты Жабасбаев.Б.С. жоғарғы сынып оқушыларымен кездесуді жоспар бойынша өткізіп отырды. Кездесулер «Құқық бұзушылықтың алдын алу», «Заң және біз» , «Мектеп ережесі», «Жаза және жасөспірім», «Біреудің мүлкін ұрлау», «Қылмыс қайдан шығады» тақырыптарда дәріс оқыды. 


Мектепте «Тәрбие отбасынан басталады» атты тақырыпта жалпы та-аналар жиналысы өткізілді. 
. 18-21 қараша күні аралығында 7 «ә» сынып оқушысы Айылшы Мадина облыстық құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында, Тараз қаласындағы психологиялық түзету тренинг сабағына қатысып, сертификатқа ие болды. 
8 «в» сынып жетекшісі Құрманалиева .С.«Сен өз құқығынды білесің бе? атты тақырыпта тәрбие сағатын өткізді. Бүгінгі құқықтық мемлекет құрамыз деген заманда әрбір адам өз құқықтарын жете біліп, жалпы заң білімі саласынан мағлұмат алғаны дұрыс.Заңды аттамай,тура жолмен жүріп ,еліне адал қызмет еткен азамат мұратына жетеді.Сондықтан заңды білу-заман талабы. Сонымен қатар «Мектеп ережесімен таныстыру», «СПИД-ХІ ғасыр дерті» атты тақырыптарда сынып жетекшілер сынып сағаттарын өткізді. 
15 сәуір мен 15 мамыр аралығында «Жол ережесінің қауіпсіздігі» атты айлық жоспары құрылып іс-шаралар өткізілді.
21 сәуір күні жылы «Жол қозғалысы инспекторы» атты мектепшілік байқауы өтті. Бұл байқауда 7-8 сынып оқушылары қатысып 8 «б» сынып оқушылары 1 орынға ие болып ауданға жолдама алды.
2017 жылдың 10 қаңтар және 10 ақпан аралығында «Қамқорлық» акциясы ұйымдастырылды. Жергілікті бюджеттен бөлінген 10 куртка, 10 қыстық аяқ киім (етік) көп балалы және аз қамтылған отбасылар балаларына атаулы көмек берілді.
2016 жылдың 26-шы желтоқсан айында Тараз қаласында өткен «Президент» шыршасына және 2016 жылдың 29-шы желтоқсанында Шу қаласы әкімдігінің шыршасына көп балалы отбасынан шыққан 5 «б» сынып оқушысы Бейсенқұл Сабина қатысып қайтты.
1-ші ақпан мен 20 ақпан аралығында 7 «ә» сынып оқушысы Бақытжанқызы Аяжан «Балдәурен» Республикалық оқу-сауықтыру орталығына барып қайтты
Қазақстан Республикасының «Білім заңының» 1-ші тарау 6- баптағы 3-ші тармақтың 2-ші тармақшасы, 1 тарауы 8 -баптағы 2-ші тармағы және 2016-2017   жылдық жоспарының Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімінің 2017 жылы 9 қаңтардағы 10 бұйрығы бойынша мектепке айлық іс-шара жоспары құрылып, бекітілді. Әлеуметтік жағынан аз қамтылған 23 оқушы тегін ыстық тамақпен қамтылуда. Айлық барысында сыныптар арасында жәрменке ұйымдастырылды. Жиналған қаржыға әлеуметтік жағынан аз қамтылған отбасынан шыққан 12- оқушыға мектеп құрал жабдықтар, аяқ киім, қыстық сырт киім (куртка) тағы басқа көмектер берілді.
2016-2017 оқу жылы өткізілген тәрбие сағаттары бойынша:
1. Қазақстандық патриотизм және азаматтық,тәрбие, құқықтық тәрбие-27
2. Рухани-адагершілік тәрбие-23
3. Ұлттық тәрбие-28
4. Отбасы тәрбиесі-20
5. Еңбек, экономикалық және экологиялық тәрбие-18
6. Көпмәдениетті және көркем –эстетикалық тәрбие-25
7. Зияткерлік тәрбие, ақпараттық мәдениет тәрбиесі-25
8. Дене тәрбиесі,салауатты өмір салты-42

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10 ... 19 Вперед