"Туған мектепке тағзым" » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
24
маусым
2018

"Туған мектепке тағзым"

Қасымбеков Махмұт Базарқұлұлы мектебіміздің 1969 жылғы түлегі. Қазақстан Республикасы Президенті Кеңсесінің бастығы, саясаттану ғылымдарының докторы, профессор, Мемлекеттік сыйлықтардың лауреаты, ауданымыздың Құрметті азаматы. Мектепке 2002 жылдан бастап демеушілік көрсетуде. 1000-ға жуық кітаптар, компьютерлер, мультимедия кабинетін сыйға тартты. 2007 жылы 25 оқушыны, 2010 жылы 25 оқушы, 2013 жылы 30 оқушыны Астанаға саяхатқа шақырып зиялы қауымдармен кездесу ұйымдастырды. 2011 жылы « Жигули», 2014 жылы «Газель» маркалы машиналарын сыйлады.
Биылғы 2017-2018 оқу жылында мектебіміздің 25 үздік оқыған оқушыны Астана қаласына саяхатқа шақырды.
Саяхат барысында оқушылар Бәйтерек, Ақорда, Парламент үйі, т.б. жерлерімен және Қазақстан Республикасы Тұңғыш Президенті музейімен танысты. 
Осы саяхатты ұйымдастырған ҚР Президенті кеңсесінің бастығы Қасымбеков Махмұт Базарқұлұлына үлкен алғысымды білдіреміз.