1. Ата-аналар жиналысы » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
09
қазан
2020

1. Ата-аналар жиналысы

«Сәкен Сейфуллин атындағы шағын орталықты орта мектебі»
Ата- аналар жиналысының
Хаттамасы №2
Күні : 2.10.2020ж.
Қатысқандар: ата-аналар, мектеп қызметкерлері.
Күн тәртібінде:
1.Covid-19 короновирустық инфекцияның таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты бөлінген қаржыны жұмсау бойынша мектеп директорының есебі.
2.Әртүрлі мәселелер.
Тыңдалды:
Мектеп директоры Шалбаева Жазира Нұрғабылқызы ата-аналар жиналысын ашып, Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасының 21.09.2020 жылғы №01-4091 хатына сәйкес ҚР 2015-2025 жж арналған сыбайлас жемқорлыққа қарсы стратегиясын іске асыру жөнініндегі 2018-2020 жж арналған іс-шаралар жоспарының 29 - тармағын орындау мақсатында, Covid-19 короновирустық инфекцияның таралуы мен эпидемиологиялық жағдайға байланысты білім беру ұйымдарын қамтамасыз ету мақсатында мектебімізге бөлінген қаржының жұмсалуы туралы есеп берді. Шу ауданы әкімдігінің білім бөлімі тарапынан мектепке 4947550 теңгені қурайтын қаржыға санитайзер, антисептикалық төсеніштер, кварц лампалары, тепловизорлар, моноблоктар, роуторлар, планшеттер берілді. Мектеп директоры жиналыс барысында короновирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу бойынша санитарлық-гигиеналық талаптардың қатаң сақталуы қажет екендігіне тоқталып, мектеп тарапынан жасалып жатқан алдын алу жұмыстарымен ата-аналарды таныстырды .
Шешімі :
1.Мектеп директоры Ж.Шалбаеваның есебі назарға алынсын.
2.Короновирустық инфекцияның таралу қаупінің алдын алу шаралары бойынша санитарлық- гигиеналақ талаптар қатаң сақталсын.
3.Оқушылардың қашықтықтан оқу жағдайында сабаққа қатысуы сынып жетекшілері мен ата-аналар тарапынан бақылауға алынсын.



Мектеп директоры Ж.Н.Шалбаева