Сәкен Сейфуллин орта мектебі. » Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі
Жамбыл облысы әкімдігінің білім басқармасы
Шур ауданының білім бөлімінің
"Сәкен Сейфуллин атындағы орта мектебі"
коммуналдық мемлекеттік мекемесі
Қабылдау бөлімі :
+7(7264) 35-05-50
Оқу бөлімі:
+7(7264) 35-05-50
Нашар көрушілер
нұсқасы
» » Сәкен Сейфуллин орта мектебі.
18
наурыз
2021

Сәкен Сейфуллин орта мектебі.

10 наурыз күні Шу қаласындағы Төле би атындағы орта мектебі мен С.Сейфуллин атындағы орта мектептерінде осы мектептерде білім алып, бүгінде Жамбыл облысының білім саласында сапаны қамтамасыз ету департаментінің басшысы Ускумбаева Дамеш Шайхықызы мен Шу ауданының білім бөлімінің басшысы Жинақбаева Мубарак Қасымқызымен 11 сынып оқушыларының кездесуі өтті.

Кездесу барысында үлкен өмірге қадам басқалы тұрған түлектерімізге Дамеш Шайхықызы мемлекетіміздің жас ұрпақ тәрбиесіне, білім саласына ерекше назар аударып отырғаны, еліміздегі игіліктердің барлығы елдің болашағы - жас ұрпақтың келешегі жарқын болуы үшін жасалып жатқаны туралы және де болашақ мамандықты дұрыс таңдау , ҰБТ - гі өзгерістерге жан жақты түсіндірме бере отырып, "Еліміздің болашағы - сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан қай кезде де саналы тәрбие, терең білім алу жолында талмай ізденіп ел тізгінін ұстайтын азамат болыңыздар"- деп , ізгі тілегін білдірді. Мубарак Қасымқызы да өскелең ұрпаққа аға буын өкілдерінің өнегелі істерін үлгі етудің маңыздылығына тоқтала отырып , ата -ана , ұстаздар сенімін ақтап, мектептің мақтанышына айналып, халқымыздың қалаулы азаматы мен азаматшалары болыңыздар - деп, игі тілегін білдірді. Кездесу соңында естелікке суретке түсіп, мектеп директорлары Тұрсын Қадырұлы мен Жазира Нұрғабылқызы қонақтарға ұжым атынан алғыс айтып, өз лебізін білдірді. Түлектерімізге ой салатын, өнегелі өмір жолына бастайтын кездесу әсерлі өтті.

Сәкен Сейфуллин орта мектебі.
Сәкен Сейфуллин орта мектебі.
Сәкен Сейфуллин орта мектебі.
Сәкен Сейфуллин орта мектебі.

Похожие публикации:

06 қыркүйек 2019 1қыркүйек